ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК қызметкерлерімен кездесуі

15.01.2024

2024 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Магеррамов Магеррам Мамедұлы, Сұңқар Ислам Ерінұлы, Смирнова Ирина Владимировна, Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының басшысы Жұмағұлов Ерғали Серғалиұлы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне ат басын бұрды. Сапар аясында қонақтарға оқу орны бойынша экскурсия жүргізілді, «Жас маман» республикалық жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтар көрсетілді, акт залында LED экранының сапасы көрсетілді, студенттердің жатақханада тұру жағдайлары көрсетілді. Кітапханада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары колледж қызметкерлерімен кездесіп, онда Халық партиясы жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды, осылайша депутаттар Республиканың нормативтік-заңнамалық актілеріне 600-ден астам түзетулер енгізді және ҚР бес Заңы бойынша өзгерістер қаралуда. Диалог алаңы барысында колледж педагогтері заңда көзделмеген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеу мәселесін көтерді, ал болашақ маман-арнайы пәндер педагогтерінің материалдық қызығушылығы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан педагог кадрларға деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға оң әсерін тигізер еді. Сонымен қатар топ жетекшілігі болғаны үшін қосымша ақы төлеу мәселесі де көтерілді, өйткені бүгінгі күні бұл сома шамамен сегіз мың теңгені құрайды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, атап айтқанда газдандыру, қаңғыбас иттер, ауылдық жерлердің шекаралас және солтүстік өңірлерінің тұрғындарына «Солтүстік» төлемдер, цифрландыру және IT-технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшелері колледж қызметкерлеріне кездесу үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелер құзыретті органдар тарапынан зерделеніп, қарауға уәде берді.



Текст
Виртуальная приемная